ҚР МСМ грантсыз қалған спортшылардың мәселесін шешу үшін комиссия шақырмақ

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Арсен Асқаров. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі грантсыз қалған спортшылар мәселесін шешу үшін комиссия шақырмақ, деп хабарлады ҚР МСМ басшысы   Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Бұл мәселе (спортшыларға грант бөлу – ҚазТАГ) білі дәне ғыоым министрлігінің қарауында. әрине, мәдениет және спорт министрлігі қазір жаңа әзірлемеге қатысып жатыр. (…) мен жақын арада біз комиссия құрып, қандай да  бір келісімге келеміз деп ойлаймын.   біз боалашақта салалық министрлік спорт пен өнердің ерекшелігін ескерсе екен дейміз», - деп мәлімдеді сәрсенбіде А.Мұхамедиұлы журналистерге спорт күніне арналған салтанатты шара барысында.  
Ол спортшылар еңбегін жоғары бағалап, олардың жоғары білім алғылары келетініне ризашылығын білдірді.  
«Олар болашақта өз шеберліктерін ары қарай дамытқысы келеді.  Және біз оны қолдауымыз керек. (…) Біз ең бастысы Қазақстанды насизхаттауда үлкен еңбек етіп жүрген нағыз спортшыларымыздың лайықты білім алуына мүдделіміз.  Әлбетте, егер адам негізгі уақытын спортқа жұмсаса, әрине ол тестілеуге аз дайындалады. Болашақта біз осындай сәттерді ескеруіміз керек, себебі біз олардың еңбегін бағалауымыз  керек», - деп атап өтті ҚР МСМ басшысы.  
Бұған дейін хабарланғандай, 14 тамызда наразы түлектер, ата-аналар мен оқушылардың жаттықтырушылары Алматыда Спорт академиясының алдына жиналған еді. Белгілі болғандай, Алматыдағы республикалық спорт колледжінің түлектері және басқа өңірден келген жүздеген бала тегін білім алу мүмкіндігіне ие бола алмай қалған. Биыл ел бойынша барлығы 450 грант қана бөлінген.
Кейін ҚР білім және ғылым вице министрі Асхат Аймағамбетов Алматы спорт академиясына түсе алмаған түлектер ҚР кез келген ЖОО-на түсе алады деп мәлімдеді.

adimage