ҚР ІІМ ЖКО-ға түскен футболшының ісінен жылқылардың ізінің жоғалып кетуіне түсінік бермеді

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысында ЖКО-ға түскен футболшы Илья Бәйтеряковтың ісінен жылқылардың ізінің жоғалып кетуіне түсінік бермеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Аталмыш істе, мен айтайын, бұл бөлек қылмыстық іс. Және мен бұған дейін де сіздерге тергеу амалдары жүргізіліп жатқан ҚПК нормасы барын айтқанмын, оған түсінік берілмейді», - деді жұма күні баспасөз мәслихатында ҚазТАГ ХАА тілшісінің ШҚО полициясы ЖКО куәгерлері көрген және футболшының туыстары грейдермен іздерін жасырды деп отырған жылқы табыны туралы неге айтпайды деген сұраққа жауап берген ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мәдиев.
Еске салсақ, қазақстандық футболшы Илья Бәйтеряковты оның қатысуымен орын алған ЖКО-ға кінәлі деп айыптауда. Тәртіп сақшылары спортшыға ҚР ҚК 101 бабы (абайсызда адам өліміне әкеліп соғу) және 345 (жол қозғалысы ережесін бұзу) айыптарын тағуда.
Бәйтеряков 12 қазанда Семей-Өскемен тас жолында сұмдық жол апатына ұшырады. Көлік салонында алты адам отырған. 35 жасар спортшының кіші ұлы мен әкесі оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Бәйтеряковтың өзі мен үлкен ұлының жағдайы ауыр. Анасы мен әйелі де зардап шеккен.
Адам өліміне алып келген ЖКО куәгерлерін Илья Байтеряковтың ағасы Михаил өзі тапқан. Оның айтуынша, полицейлер оларды тіпті іздемеген. Жол апатының куәгерлері жолда жылқы табынының жүргенін айтады. Алайда полиция қызметкерлері жолдың жарықтандырылмаған бөлігінде жүріп, ЖКО апатына себепші болған жылқы табынын тіпті есепке алмай отыр. Хабарда нақтыланғандай, полиция келемін дегенше жылқылар кетіп қалған. Осы тас жолмен жүретін жүргізушілер онда аттардың жүруі сирек кездесетін құбылыс емес, және оларға көліктің кездесуі де өте қауіпті дейді.
Бұл ретте, футболшының туыстары оқиғадан кейін жол апатының іздері жойылғанын мәлімдеп отыр.
«Маған видеоны көрсетті. Ол жерде грейдермен жүріп өткен, іздер жоқ. Менің сөзім жоқ, адам өлімі болып отыр ғой. Ол жерде үнемі адам өлімі болып жатады», - деді Илья Байтеряковтың анасы.
Қолда бар ақпар бойынша, тас жол бойында жүрген жылқы табыны «Приречное» агрофирма шаруашылық қожалығына тиесілі екен. Ол компанияны облыстық мәслихат депутаты Мұхит Тумабаев басқарады. Ол Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тумабаевтың әкесі, ол болса қызметінен Риддер әкімімен бірге жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып кеткеннен кейін кеткен болатын. Еске салсақ, сол кезде шенеуніктің екеуінің де мас болғаны анықталған.
Илья Байтеряков «Семей», «Энергетик», «Қазақмыс», «Ақжайық», «Восток» және «Атырау» командаларының қақпашысы болған.

adimage