Петропавлда есірткімен ұсталған 24- жастағы әйел 11 жылға сотталды

Петропавл. 24 қаңтар. ҚазТАГ- Петропавлда есірткімен ұсталған 24- жастағы әйел 11 жылға сотталды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің ресми интернет – ресурсы.

«Полиция қызметкерлері 2024 жылдың жазында синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Сот оның іс-әрекетінде қауіпті рецидивті байқап, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін, ұсталған келіншек 20 жасында есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталып үлгерген.

Жеке тінту кезінде одан өткізу үшін дайындалған 20,95 грамм α-PVP және 23,71 грамм мефедрон тәркіленді. Жалпы салмағы 0,17 грамм болатын α-PVP есірткісі салынған фольгамен оралған тағы 3 түйіншек оның қолсөмкесінен табылды. Аса ірі мөлшерге жататын есірткіні жеке мақсатта пайдаланбақ болған.

Тергеу барысында анықталғандай, ол есірткіні қаланың шетіндегі орман екпелерінен алып кеткен.

Өткен жылы полицейлер СҚО-да есірткі сатудың 132 фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық психотроптық заттар тәркіленіп алынды.

Фото көзі: официальный интернет-ресурс МВД РК


adimage