Қостанайлық аграршылар егістік кезінде жеңілдік отынсыз қаламыз ба деп алаңдаулы

Қостанай. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қостанайлық аграршылар егістік кезінде жеңілдік отынсыз қаламыз ба деп алаңдаулы, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Қазір жағдай мынадай, зауыттар наурыздағы көлемдерді жеткізді. 18 мың тоннаның тек 16 мың тоннасын Т151,5 бағасымен 1 сәуірге дейін.  Ал енді жеткізген және төлем жасаған, бірақ шығарып үлгермеген көлемі бойынша, телефонограмма келді, оның бағасы литріне Т156 болыпты, сәйкесінше, зауыттар бірінші сәуірден бастап ЖЖМ тиемеген. Тауар өндірушілер тіпті наурызда төлем жасаған көлем үшін де қосымша төлем жасауға мәжбүр болған», - деді «Қазақстан шаруалар одағы» Қостанай облыстық филиалының төрағасы  Владимир Дранчук.
Оның айтуынша, Қостанай облысына көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуге 70 мыңнан астам жеңілдік отын бөлінген.  
«Шенеуніктер көпке дейін бағасы бойынша келісе алмады.  Литрі Т151,5 болғанда өңірге отын келе бастады, бірақ Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылғанда жағдай қиындап кетті. Операторы ол зауыттардың салдарынан дейді, ал жапа шегетін біз   – тауар өндірушілер. Енді белгілегеннен кейін, ауыл шаруашылық  өндірушілері төлегеннен кейін, амал жоқ, сөйтсек операторларда тіпті жаңа бағамен де отын жоқ болып шықты.  Тіпті біз ол отынды сатып алсақ та, ол тек мамыр айының аяғында жете ме деп алаңдап отырмыз», - деді Д. Дранчук.

adimage