Қосшыда инженерлік желілерді салу жұмыстарына Т2,5 млрд жұмсамақшы

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Қосшыда инженерлік желілерді салу жұмыстарына Т2,5 млрд жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - инженерлік желілерді салу (құрылыс) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қосшы қаласының электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы (4 кезек); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 558 341 304», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында өтеді.

Фото көзі: egemen.kz


adimage