Орман авиациалық жұмыстарды орындау үшін тікұшақтарды жалдауға Т4,9 млрд жұмсамақшы

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Орман авиациалық жұмыстарды орындау үшін тікұшақтарды жалдауға Т4,9 млрд жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; атауы - экипажбен көлік ауа құралдарын жалдау бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - вертолет 2-3 класса, место оказания услуг - Костанайское авиаотделение («2-3 классты тікұшақ, қызмет көрсету орны - Қостанай авиабөлімі», қазақша лотта қосымша сипаттамасы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); жоспарлы сома - Т392 857 142,86», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сондай-ақ, осы конкурста тағы 11 лот сипатталған, жоспарлы сомалары – Т600 000 000; Т354 910 714,29; Т390 401 785,71; Т557 142 857,14; Т285 714 285,71; Т517 857 142,86; Т455 357 142,86; Т337 500 000; Т205 484 214,29; Т276 830 357,14; Т535 714 285,71.
12 лоттың жалпы сомасы – Т4 909 769 928,57.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 19 сәуірде басталған, 26 сәуірде аяқталады.

Фото көзі: tvc.ru


adimage