Нығметжан Мақажанов ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

   Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Нығметжан Мақажанов ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
  «ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Нығметжан Қойшыбайұлы Мақажанов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Мақажанов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.

adimage