Назарбаев телекоммуникация саласындағы финдік компанияның жетістіктерімен танысты

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекоммуникация саласындағы финдік компанияның жаңа жетістіктерімен танысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Президенті компанияның 5G, толықтырылған шынайылық және жасанды интеллект технологияларын пайдалануға негізделген телекоммуникация саласындағы жаңа жетістіктерімен танысты. Кәсіпорындарды, көлікті алыстан басқаруға, хирургиялық оталар жасауға арналған бұл әзірлемелерді басқа да салалар мен бағыттар бойынша қолдануға болады», - делінген Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанда 5G технологиясының сынақтан өткізілуі және оны іс жүзінде қолданудың перспективалары жөнінде баяндады.


adimage