Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Брюсселде (Бельгия корольдігі) «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммиті  алаңында кездесу өткізді. Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен және Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті», - делінген жұмада Ақорда сайтында жарияланған хабарда.  
Хабарда айтыоғанлай, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемаларды, соның ішінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.

adimage