Маңғыстау облысында мұнайшылардың тағы бір ұжымы жалақыларын көтеруді талап етуде

Ақтау. 2 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында мұнайшылардың тағы бір ұжымы – Емір-Ойл» ЖШС қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етуде, деп хабарлады «Лада».
«Бағаның өсуінен біздің жағдайымыз нашарлады, соған байланысты жалақымызды 70%-ға көтеруді талап етеміз. 1 шіледде де біз өз талаптарымызды айтқан болатынбыз, бірақ бізге тек 10% көтеретіндерін жеткізді. Облыстық әкімдікте бізге тіпті ешқандай жауап берген жоқ. Біз бізге құлақ асатындарына және біздің жалақыны 70%-ға дейін көтеру туралы талабымыздың қанағаттандырылатына сенімдіміз», - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған мұнайшылар.
Атап өтелік, Маңғыстау облысында мұнай-газ саласы компанияларының қызметкерлері мен мұнайшылардың ереуілге шығуы соңғы айларда тұрақты сипатқа ие болған. Олар жалақының көтерілуін, еңбек жағдайларының жақсаруын талап етуде.

adimage