Мәжіліс Бақыт Сұлановтың сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалуын келісті

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Мәжіліс Бақыт Сұлтановтың сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалуын келісті, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
«Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Сауда және интеграция министрінің лауазымына тағайындалатын Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын қолдады», -делінген дүйсенбідегі хабарда
Еске салсақ, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалған, 2019 жылдың маусымында бұл қызметтен босатылған. Оны бұл қызметте Алтай Көлгінов алмастырды. Ол 2016 жылдың наурызынан бері Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған еді.

adimage