Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Үлескерлердің Т4,3 млрд ұрлап кеткен күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдікті экстрадицияланды. Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ведомство ақпарынша, қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды.
«Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталынып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді бас прокуратурада.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты3 Мамыр 2024, 16:03
-
Астананың 2024 жылға арналған бюджетіне өзгерістер еңгізбек3 Мамыр 2024, 15:28
-
«Әзіл әлемін» өткізуге Т50 млн жұмсамақшы3 Мамыр 2024, 15:00
-
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылы 2 аптаға жабылады3 Мамыр 2024, 14:33