Инсульт алған қазақстандық Таиландтан отанына жеткізіледі

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Паттайя қаласынан (Таиланд) ары қарай емін жалғастыру үшін Қазақстан азаматшасын тасымалдайды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«4 сәуірінде Таиландта отбасылық демалыста жүрген 1962 жылғы Қазақстан азаматшасы (Теміртау тұрғыны) инсульт алып, Паттайя қаласының ауруханасына жатқызылған. «Барлық қажетті медициналық құжаттама алынып, Республикалық санитарлық авиация орталығы деңгейінде комиссия отырысы өттті. Осыдан соң ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, қажетті медициналық көмек алуы үшін  отандасымызды елге жеткізуді ұйымдастыру процесі бірден басталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Оны елге жеткізу уақыты оның денсаулығына тікелей байланысты. Дегенмен, осы айдың 25-27 күндерінде Қазақстан азаматын елге жеткізу жоспарланып отыр. Ол елге жеткізілгеннен кейін Астана қаласының медициналық мекемелерінде қажетті көмек алатын болады.
«Науқасты елге жеткізу санитарлық авиацяның арнайы портымен жүзеге асырылады. Ұшақ қажетті медициналық құрал-жабдықпен жабдықталған, санитарлық авиация қызметінің ұтқыр бригадасы да бірге болады. Қазіргі уақытта азаматша дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған», - делінген хабарда
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша  осы жылдың басынан бері  еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі шетелде денсаулығы нашарлап кеткен 3 Қазақстан азаматын ұшақпен алып келген. Науқастарды жақын және алыс шетелден елге жеткізуге жұмсалған барлық шығындар республикалық бюджет есебінен өтелді.

adimage