Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Әлібек Қуантыров Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қуантыров 2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды. 2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24