Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуде қызығушылық танытып отыр

   Астана.26 мамыр.ҚазТАГ- Египет Қазақстанға өзара 14 күндік визасыз режимді енгізуде қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
  «Египет Қазақстанмен өзара 14 күндік визасыз режимді енгізуге мүдделі. Біз бұл мәселені пысықтайтын боламыз. Қазақстанда Египеттен келген қонақтарға, оның ішінде еліміздің туристік секторынан инвестициялық жобаларды ұсынатын ауқымды дүниелер жеткілікті», - дұл туралы министрмен кездесуде Египеттің Қазақстандағы елшісі Манал Эль Шиннави мәлімдеді.
   Елшімен еліміздің мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесті. 4 маусымда Каирде қазақстандық артистерінің қатысуымен гала-концерт және Мысырдағы Қазақстанның мәдени күндері аясында қолданбалы өнер көрмесі өтпек. Біздің мемлекеттімізден 96 адам қатысады.
  «Биыл қараша айында екіжақты Үкіметаралық комиссияның VI отырысын өткізуді көзделген. Эль Шиннави ханым өз кезегінде ҚР Ұлттық музейінде мамлюк кезеңіндегі ислам мәдениетінің көрмесін өткізу туралы ұсыныс айтты. Асхат Ораловбұл бастаманы іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенімді білдірді»,- деп хабарлады басылым.

adimage