Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы күтіледі

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жел тұрады. Күндіз +29+31, түнде +16+18.
Алматыда да жауын-шашынсыз, бұлтты ауа рйаы күтіледі, 2-7 м/с жел тұрады. Күндіз +31+33, түнде +17+19.
Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, 8-13 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз +36+38, түнде +21+23.

adimage