Біз осыған дейін аяқты кеңге салдық, енді шынайылылыққа үйренуіміз керек – Тоқаев

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жолдауын түсіндіру мақсатымен  Қарағандыға келді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан.  
«Сапалы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз барлығымыз көп еңбек етуіміз қажет. Нақты айтсақ, биікте отырып, жетістіктерімізге қанағаттанып, қол қусырып отырмауымыз тиіс», - деп келтірілген Қ-Ж.Тоқаевтың жұма күні Қарағанды облысы активімен кездесу қорытындысындағы сөзі.  
Сенат Төрағасы билік өкілдері бірінші кезекте әлеуметтік маңызды жобаларды жылдам және нәтижелі жүзеге асыру үшін үнемділік жүргізу керектігін атап айтты.
«Біз осыған дейін, айта кету керек, аяқты кеңге салдық. Енді өмірге деген жаңа көзқарастарды көрсетіп отырған шынайылылыққа үйренуіміз қажет. Жоғары лауазымды шенеуніктердің қымбат көліктер мен керемет әсем кабинеттері өткенде қалатын уақыт жақындады, жай анахронизм болып қалады деп ойлаймын», - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыру керектігіне нақты тоқтала кетті. Экология мәселесін де қозғады.  
«Әр аймақ экологиялық проблемаларды шешу бойынша белсенді шаралар қолданулары тиіс. Қарағанды облысы үшін бұл мәселе өте өзекті, себебі мұнда ірі кәсіпорындар бар. Келесі жылы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкциялардың мөлшерін ұлғайту, экологиялық тексерістер жүргізудің механизмдерін жетілдіру жоспарлануда, анағұрлым өзекті инфрақұрылымдық жобалардың тізімі жасалады және қаржыландыру көздері қайта қарастырылады», - деді сенатор.


adimage