Бір тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1,6 мыңға жуық жаңа дерегі тіркелді

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Бір тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 1,6 мыңға жуық жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.
«Өткен тәулікте коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 1651 жаңа дерегі тіркелді. Елімізде барлығы 1 372 634 дерегі тіркелді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Аурудың өршуі бойынша антилидерлер Нұр-Сұлтан -370, Қарағанды облысы – 191, Алматы – 185.
Коронавирустен жазылғандар - 1 334 270, оның 2458-і өткен тәулікте жазылды.

adimage