Бейсенбі күні синоптиктер Қазақстанның төрт облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел тұрады деп болжауда

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«18 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 18 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде батыс, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел, тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 18 қазанда кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Өскемен қаласында күндіз 18 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Семей қаласында күндіз 18 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
«18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Петропавл қ: 18 қазанда солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Көктайғақ болады», - делінген хабарда.  
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage