Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді – күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін Шығыс қазақстан блысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, нөсер жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашынды (жаңбыр, жылымық қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Тек еліміздің батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылордада, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа райы күндіз +10+12, түнде 0-2.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +11+13, күндіз +19+21.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 8-13, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +23+25, түнде +14+16.
Ақмола облысында күндіз +7+12 (оңтүстік-батысында +14), түнде 0-5 (батысында және оңтүстігінде +15).
Ұлытау облысында күндіз +16+21, түнде +7+12 (оңтүстік-батысында +15).
Қарағанды облысында күндіз +6+11 (оңтүстік-батысында +15), түнде -3+2 (оңтүстігінде +8).
Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз +5+10 (оңтүстік-батысында +13), түнде -1-6 (оңтүстік-батысында +2).
Қостанай облысында күндіз +10+15 (солтүстігінде +5, оңтүстігінде +20), түнде 0+5 (оңтүстігінде +10).
Ақтөбе облысында күндіз +18+23, түнде +8+13.
Абай облысында күндіз +7+12 (оңтүстігінде +17+22), түнде -1-6 (оңтүстігінде +4).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +9+14 (шығысында 0+5), түнде 0-5 (оңтүстігінде +3, шығысында -9).
Павлодар облысында күндіз +5+10, түнде 0, -5.
Алматы облысында күндіз +18+23 (таулы аудандарында +13) және түнде +10+15 (таулы аудандарында +5).
Жетісу облысында күндіз +18+23 (таулы аудандарында +15), түнде +6+11 (таулы аудандарында +3).
Түркістан облысында күндіз +20+25 (батысында +28), түнде +12+17 (батысы мен солтүстігінде +20).
Батыс Қазақстан облысында күндіз +21+26, түнде +5+10.
Атырау облысында күндіз +22+27, түнде +8+13.
Маңғыстау облысында күндіз +23+28 (батысында +20), түнде +12+17 (оңтүстігінде +9).
Қызылорда облысында күндіз +24+29 (солтүстігінде +20), түнде +14+19 (солтүстігінде +11).
Жамбыл облысында күндіз +20+25 (таулы жерлерінде +17), түнде +12+17 (таулы жерлерде +8).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде қалың жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. Солтүстіктегі жазықтықтағы өзендерде қар суының қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. РФ шекарасынан судың келуіне байланысты Жайық өзенінің су деңгейі арнасынан асады деп күтілуде», - деп ескертті синоптиктер.

adimage