Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:17, 18-04-2019.

Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды, тек батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, күн күркірейді, бұршақ жауады, көктайғақ, жел тұрады, оңтүстігінде дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан жел шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с, күндіз екпіні 5-10 м/с болады Ауа температурасы күндіз 0 шамасында, түнде -8-10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +8+10.
Шымкентте күндіз күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +11+13.
Қызылорда облысында күндіщ жауын-шашынды, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде көктайғақ, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +20+25), түнде 0+5 (топырақта-3).
Ақмола облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2+3, түнде -8-13.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +6+11.
Алматы облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +6+11.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +23+28, түнде +11+16.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с болады. Күндіз +10+15, түнде +7+12.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с. Күндіз ауа температурасы +2+7, түнде -2-7.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз 0+5, түнде -3-8.
Атырау облысында кей жерлерде жауын-шашынды, 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -4+1.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -8-13.
Қарағанды облысында кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -2-7 (оңтүстігінде +3).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз бүкіл өңірде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі. 15-20 м/с жетеді. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. ШҚО өзендерінде ауа температурасының жылынуынан және жауын-шашын салдарынан мұздардың ары қарай еруі жалғасады, жерглікті және беткейлік ағыстар қалыптсады, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Жазықтық аумақтардағы жекелеген өзендерде (Ақмола, БҚО, Қостанай облыстарында) және республиканың орталығында су деңгейінің құбылуы байқалады, көбіне су көлемі азаяды. Державинск қ. – Тоқсанби а. маңындағы Есіл өзенінде, сондай-ақ Сергевский су қоймасынан төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде (Новоникольское-Долматово а. маңында) су деңгейінің көтерілуі жалғасады, халықаралық маңыздағы Челябі-Новосібір тас жолының 528 ш. судың жайылуы мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: