ҚазТАГ тілшісі Алматы ТЖД журналистерінің алғашқы конкурсында жеңімпаз болды

Алматы.18 қазан. ҚазТАГ – ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің (ХАА) тілшісі Мәдина Әлімханова Алматы ТЖД журналистердің алғашқы конкурсында «Үздік фотожұмыстар» номинациясында жеңімпаз болды.
«Құрметті ТЖД қызметкерлері, құрметті құтқарушылар, биыл 60 жыл толғалы отырған Қазақстан Журналистер одағының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мен департаменттің биыл алғаш рет конкурс өткізіп отырғанына қуаныштымын, журналистер сіздердің еңбектеріңіздің тек бір ұшқынын ғана көрсетеді. Журналистер одағы құрылғалы 60 жыл ішінде әр журналист сіздердің күн сайын жасайтын ерліктеріңізді, қаһармандықтарыңызды жазып, сүйсінді. Сондықтан конкурсқа жіберілген материалдардан да ең үздіктерін таңдау оңай болмады, себебі олардың барлығы жоғары кәсіби журналистің қолымен жасалған. Комиссия мүшелері жұмыстардың барлығы жоғары бағаға лайық деп шешті», - деді қазылар алқасының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова жұма күні марапаттау салтанатында.
Конкурс алты номинация бойынша өткізілді: 1) баспа басылымдарындағы үздік очерк; 2) қауіпсіз жүру мәдениетін қалыптастыруға арналған үздік телевизиялық сюжет; 3) үйрететін үздік видеоролик; 4) қиын жұмыс күндері мен адамдарды құтқару сәттері жарияланған үздік фотожұмыстар; 5) ақпараттық агенттіктердегі үздік мақалалар; 6) үздік радиобағдарлама.
Сонымен қатар, конкурс қорытындысы бойынша «Үздік төтенше жағдай журналисті» де таңдалды. Бұл атаққа «ОРТ» Еуразия» тілшісі Динмахаммед Каликулов ие болды.

adimage