Қазақстанның батысында ғана алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның батысында ғана алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамында.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

adimage