Қазақстандық теңге маусымда долларға қатысты 0,3%-ға нығайды – Ұлттық банк

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық теңге маусымда долларға қатысты 0,3%-ға нығайды, деп мәлімдеді Қазақстанның Ұлттық банкінен.
«2021 жылғы маусымда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 425,64 – 428,30 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы маусымның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,3%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 427,31 теңге болды», - делінген жұмада таратылған Ұлттық банк хабарында.
Құжатқа сәйкес, Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 14,1 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 3,2 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 11,0 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 69,6% немесе 7,6 млрд АҚШ доллары (2021 жылғы мамырда – 66,3% немесе 5,7 млрд АҚШ доллары) болды, бұл оның меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты орын алды. Осы операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныстың немесе ұсыныстың арақатынасына әсер етпейді.
2021 жылғы маусымда халық нетто-негізде 237,0 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 50,6%-ға ұлғайды, 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда нетто-сатып алу көлемі 22,5%-ға артты. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 65,1%-ға немесе 154,3 млрд теңге, Ресей рублін – 22,4%-ға немесе 53,1 млрд теңге, еуроны – 12,3%-ға немесе 29,2 млрд теңге сатып алуға бағытталды. .

adimage