Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 9 млн теңгеге сауалнама жүргізбек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)" мемлекеттік мекемесі»; атауы – сауалнама жүргізу бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – сыбайлас жемқорлық жағдайына тезбеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу бойынша қызметтер; жоспарлы сомасы – Т8 928 571,43», - делінген мемлекеттік сатып алу порталындағы 5 тамызда жарияланған лот сипаттамасында.
Өтінімдерді алдын-ала қабылдау 12 тамызда сағат 16.50-де басталады және 27 тамыз сағат 16.50-де аяқталады.
«Зерттеу пәні – халықтың орталық мемлекеттік органдарда және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлықты қабылдауы, халықтың мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанушылығы, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы», - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24