Қазақстанда тағы екі облыс «қызыл» аймаққа өтті, бір облыс «жасыл» аймаққа оралды

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда тағы екі облыс «қызыл» аймаққа өтті, бір облыс «жасыл» аймаққа оралды, деп хабарлады COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Сәрсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары бар еді. Енді оларға Қызылорда және Маңғыстау облыстары қосылды.
Қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту қарастырылған «сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстары бар.
Жағдайы тұрақты, шектеу шаралары ары қарай жеңілдетілуі мүмкін «жасыл» аймақта Түркістан және Қостанай облыстары бар. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы қайта қоыслды.
Қазақстанның өзі болса «қызыл» аймақта.

adimage