Қазақстанда Т1,6 млрд сомаға тұмауға қарсы екпе сатып алынды

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда Т1,6 млрд сомаға тұмауға қарсы екпе сатып алынды, деп хабарлады Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«2019 жылы мемлекеттік бюджеттік қаржы есебінен Т1,6 млрд сомаға Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ+» екпесінің 1,8 млн дозасы сатып алынды, бұл былтырғы кезбен салыстырғанда 300 мың дозаға артық. Екпеде алдағы маусымдағы тұмау штаммы бар», -деді Бекшин жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Ол қазіргі таңда республика бойынша тұмауға қарсы 590 621 адамның екпе алғанын, екпеден кейінгі ауырсыну жағдайларының тіркелмегенін жеткізді.
Сондай-ақ, Бекшин мәлімдегендей, ресейлік екпелерден бөлек Қазақстанда тұмауға қарсы тағы төрт екпе барын еске салды: француздық «Ваксигрип» пен «Ваксигрип Тетра», голландық екпе «Инфлювак» және қытайлық «Синовак Биотек».

adimage