Қазақстанда су тасқыны салдарынан төрт облыстағы сегіз автожолда көлік қозғалысы шектелді

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ — Қазақстанда су тасқыны салдарынан төрт облыстағы сегіз автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«2024 жылғы 23 сәуірдегі сағат 07.00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында төрт автожолда жалпы ұзындығы 4 300 метр болатын су тасқыны болған. Соның салдарынан төрт облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жолында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған.

Фото көзі: akorda.kz


adimage