Қазақстанда су тасқыны салдарын жоюға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылды

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ — Қазақстанда су тасқыны салдарын жоюға 32 мыңнан астам адам жұмылдырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«Су тасқыны салдарын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңдай техника, 310 жүзу құралы мен 13 тік ұшақ жұмылдырылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, апаттық жұмыстарды тоқтаусыз жүргізу және уақыт күттірмейтін жұмыстарды жүзеге асыру үшін 10 өңірде арнайы техника мен басқа да керек жабдықтар шұғыл түрде жинақталды.
ТЖМ тәулік бойы су тоғандарына мониторинг жасауды жалғастыруда.

Фото көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен


adimage