Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда полиция есебінде 3 мыңнан астам мал ұрлаушылар тұр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ағымдағы жылы мал ұрлығы бойынша ұсталған 1696 адамның 678-і бұған дейін де ұрлық жасағандар. Қазіргі таңда полицияның жедел есебінде 3387 мал ұрлаушы тұр», - деді жұма күні баспасөз мәслихатында Қазақстанның ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мәдиев.
Оның айтуынша, мал ұрлаушылар шығындарын өтеу мақсатында қайтадан ұрлық жасайтын көрінеді.
«Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы бес жылда мал ұрлағаны үшін 11 мың қылмыскер ұсталған, соның ішінде 1.5 мыңы топ болып жасаған», - деді ол.
Сонымен қатар, Мәдиев атап өткендей, ІІМ қабылдап отырған кешенді шаралардың нәтижесінде «мал ұрлығының төмендеу динамикасы бар».
«Талдау көрсетіп отырғандай, мал ұрлығы 8 мыңнан 3,7 мыңға азайған немесе 60%. Ұрланған 91 мың бас малдың 42,5 мыңы иесіне қайтарылған (46,6%)», - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы үшін жазаны күшейту керектігі туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24