Қазақстанда ғаламторда оқушылардың төбелесі бар видеолар өшірілетін болады

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда оқушылардың төбелесі бар немесе жағымсыз сипаттағы видеолар интернетте өшірілетін болады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Facebook-те жарияланған жағымсыз жайттарды көріп отыратын психологтар мен мұғалімдер арасында тікелей байланыс орнатылған. Ақпарат және коммуникация министрлігіне Facebook, YouTube және басқаларына өшіру туралы бірден хабарласулары керек. Бізде психологтан немесе мұғалімнен АКМ-ге дейін жетуге екі аптадай уақыт кетеді. Біз оны бір сағатқа дейін қысқартқымыз келеді. Көрдің бе – бірден өшіру керек. Қазір бізде АКМ сондай мүмкіндік берді, бізде Қазақстанда төбелесі бар видеолар екі апта бойы кезіп жүреді, оны бірден өшіріп тастау керек», - деп атап өтті Е.Сағадиев жұма күні алқа отырысы барысында.
Бұған дейін хабарланғандай, ішкі істер министрлігі Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында мектеп оқушылары арасындағы зорлық-зомбылық және қатыгездік жағдайларының орын алуын талқылау және ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды әзірлеу бойынша білім және ғылым министрлігіне Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының шұғыл шақыртуы туралы ұсыныс енгізілді.
Өз кезегінде бұған дейін БАҚ-та хабарлағандай, ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі Нұргүл Мәуберлинова сенат отырысында жағымсыз контентті азайту бойынша министрліктің БАҚ мониторингін өткізетінін және бас редакторлармен, БАҚ басшыларымен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Атап өтілгендей, «Жас ұлан» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге БАҚ-та жағымсыз контентті төмендету бойынша арнайы жоба әзірленуде.
Кейін ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев БАҚ-тағы жағымсыз контентті төмендету бойынша арнайы жоба туралы ақпаратты түсіндірді. Оның айтуынша, жоба идеясы дұрыс түсінілмеді және қазақстандық БАҚ-тағы сөз бостандығын шектемейді.
Ол мәлімдегендей, ведомство бүгінде БАҚ-тағы жағымсыз жайттармен күреспейтін болады.
«Мен жауапты түрде мәлімдеймін, АКМ жағымсыз жайттармен күреспейді. Егер жағымсыз жайттар болса, сіздер оны жариялай аласыздар. Басқа мәселе, барлық меморган елдегі жағымсыз жайттар азаятындай жұмыс жасаулары керек», - деп атап өтті Д. Абаев.

adimage