Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың тоғыз айында $1,2 млрд асты, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Биылғы 9 айда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-тан асты, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары», - делінген хабарда.
Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызына тоқталды.
«Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нұрғожоұлы Жапаров Қазақстанмен достық әрі тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор мән береді. Президентіміздің биылғы сәуір айындағы Қазақстан Республикасына ресми сапары тарихи сипат алып, қырғыз-қазақ қатынастарында жаңа дәуірді ашты. Биыл қол қойылған одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шарт қырғыз-қазақ ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына және екі халық арасындағы ғасырлар бойғы бауырластық байланыстарды нығайтуға үлес қосатынына сенімдімін», - деді Ақылбек Жапаров.
Жалпы, осы жылдың 8 айында екі ел арасындағы жүктерді автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 4,1%-ға ұлғайып, 3 млн тоннаны құрады.
Бұдан басқа, өңірлік ынтымақтастықтың үлгісіне айналған және көліктік байланыс, туризмді дамыту, ауа сапасын жақсарту, денсаулық сақтау секторы, агробизнес, сондай-ақ климаттық өзгерістерге ден қою саласындағы бірқатар зерттеулер мен жобаларды бастаған «Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі» (АБЭД) бастамасына назар аударылды.
Тараптар «Алматы – Ыстықкөл» автомобиль жолын салу жөніндегі жобаны іске асыруға мүдделі екендігін атап өтті. Азия даму банкінің гранттары есебінен ұзындығы 280 шақырым болатын «Алматы – Ұзынағаш – Қастек – Михайловка – Шолпан-Ата» жаңа бағытының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі жұмысты бастау туралы шешім қабылданды.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада мәдени-демалыс жұмысын қолдауға бюджеттен Т77 млрд сұрауда
26 Желтоқсан 2024, 14:28 -
Қызылорда бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне Т983 млн-ға жуық қаражат жұмсамақ
26 Желтоқсан 2024, 14:10 -
Премьер-министр Бектенов Ақтаудағы апат бойынша бірқатар тапсырма берді
26 Желтоқсан 2024, 13:54 -
Ақтауда құлаған ұшақтың өндірушілері Қазақстанға келіп, апат себебін тексереді
26 Желтоқсан 2024, 10:34