Қазақстан мұсылмандары Рамазан айы мен ауыз бекітуге дайындалуда

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан мұсылмандары Рамазан айы мен Ораза ұстауға дайындалуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мұсылмандық жыл санау бойынша: 1445 жылғы Рамазан айының 1 күні; Милади күнтізбесі бойынша: 11 наурыз, дүйсенбі; діни мерекелер мен күндер: оразаның басталуы», - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған мерекелер күнтізбесінде.
Қазірдің өзінде Қазақстан мұсылмандары 17 күн қалған Рамазан айына арналған шараларын жоспарлауда, оның ішінде отбасылық мерекелер де бар.
Қасиетті айға ҚМДБ-да дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Баса мән беруіміз керек өзекті мәселенің бірі 2024 жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің бірыңғай сағат белдеуіне өтуі. Бір жыл бойы қазақстандық ғалымдар мен түрлі саладағы мамандар Қазақстан аумағына бірыңғай сағат белдеуін бекіту мәселесін зерттеді. Соған байланысты үкімет Қазақстанның бірыңғай сағат белдеуіне көшуі туралы тиісті қаулы шығарды. Соған байланысты намаз уақыты, жұма намазының уақыттары да өзгеретіні заңды. Сондықтан халықта көптеген сұрақтар туындап жатыр. Сұрақтар келуде. Оның үстіне Рамазан айы да жақындап келеді. Біз өз тарапымыздан белсенді болып, сұрақтарға уақытылы жауап беруіміз керек», - деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты мамандарымен кездесуде жоғары мүфтий Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұл ретте мұсылмандар Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның орталық облыстарындағы Ораза ұстаудың кестесінің жариялануын күтіп отыр
ҚМДБ ҚазТАГ редакциясына ауыз бекіту кестесінің наурызда дайын болатынын жеткізді.


adimage