Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары ауысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов (суретте сол жақта – ҚазТАГ) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбіде үкіметтен.
Турысов 2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2014-2017 жылдары — «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеді. 2014 жылы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры болған.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды», - деп хабарлады минкабинетінен.
Оспанов 2019 жылдың сәуірінен бастап ЦДИАӨ басшысының орынбасары болған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24