Қарағандыда бірқатар аудан жылу желілеріндегі ақауға байланысты жылусыз қалды

Қарағанды. 16 қаңтар. ҚазТАГ- Қарағандыда бірқатар аудан жылу желілеріндегі ақауға байланысты жылусыз қалды, деп забарлайды ҚазТАГ.

«Мамандар мәселені жедел анықтап, күшейтілген монтаждық бригадалар жіберілді, жағдайды тезірек шешу үшін барлық шаралар қабылданып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Восток 5», «Голубые пруды» және «Оңтүстік-Шығыс» аудандарының кейбір бөліктерінде, атап айтқанда «Гүлдер» шағын ауданы, Мұқанов көшесі және «Таугүл» шағын ауданында жылу желілеріндегі қысым төмендеді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage