Қарағанды облысы полиция департаменті мен ІІМ-ге қарасты Қарағанды академиясының басшылары тағайындалды

   Қарағанды.28 наурыз.ҚазТАГ- Қарағанды облысы полиция департаменті мен ІІМ-ге қарасты Қарағанды академиясының басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның ресми интернет-ресурсы.
   «Министрдің орынбасары ІІМ Қарағанды академиясы мен ПД-ның жаңа басшыларын таныстырды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Қарағанды облысы полиция департаментінің басшы құрамына департаменттің жаңа бастығын таныстырды.
   «Исмагулов Негмет Әуезханұлы – ішкі істер органдарында 1995 жылғы маусымнан бастап қызмет етіп келеді. Әртүрлі басшылық қызметтер атқарды. Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған. ҚР Президентінің Жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған»,- деп мәлімдеді ІІМ.
  Сондай-ақ Сайтбеков ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылық құрамына академияның жаңа бастығын таныстырды.
   «Әділов Санжар ішкі істер органындағы қызметін 1999 жылы бастады. ІІО-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2019 жылы ІІМ тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды, 2023 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының ПД бастығы лауазымында болды»,- деп нақтылады ведомство.

Фото көзі: polisia.kz


adimage