Андриан Елемесов Мексика мен тағы бірқатар елдердегі Қазақстан елшісі қызметінен босатылды

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Андриан Елемесов Мексика мен тағы бірқатар елдердегі Қазақстан елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Елемесов Мексикадағы Қазақстан елшісі болып 2015 жылдың тамызында тағайындалды, ал қалған елдерде 2018 жылдың қыркүйегінде тағайындалған еді.

adimage