Алматыда ковидпен ауырып жатқандар өсті – әкімдік

Алматы. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Алматыда ковидпен ауырып жатқандар өсті, омикрон штамы тарап жатыр, деп хабарлады Алматының бас сандәрігерінің міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжаббарова.
«Бір аптадағы ауру жұқтыру көрсеткіші күрт өсті. Соңғы аптада қалада 66 науқас тіркелді, ал алдыңғы жетіде оның саны 10 болған еді», - деді Әбдіжаббарова жұма күні Алматыдағы эпиджағдай жөніндегі онлайн конференцияда.
Оның айтуынша, омикронның таралу қабілеті жоғары 1:5. Омикрон қайтадан ауыру қаупімен, сондай-ақ жастар арасында жұғу деңгейінің жоғарылығымен қауіпті. Ауру жұқтырғандар саны әр 2-3 күн сайын артуда.
Сонымен қатар симптомсыз ауру жұқтырып жатқандар саны желтоқсандағы 6%-дан қазіргі 11%-ға жетті, деп атап өтті Әбдіжаббарова.

adimage