Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын шашын күтіледі

   Астана.1 ақпан.ҚазТАГ- Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет»РМК баспасөз қызметі.
   «Республиканың солтүстік жартысына әлі де жоғары қысымды өріс әсер етеді, аязды, желсіз және ашық ауа-райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жауын-шашын болжанады: елдің батысында негізінен қар, шығысында жаяу бұрқасынмен қар жауады, ал республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болжанады»,- делінген сәрсенбі күнгі ауа райы болжамында.
    Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 7-12-ге дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде жел күшеюі күтіледі.

adimage