Алдағы үш күнде Қазақстанның басым облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанның басым облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлантикалық циклонмен байланысты болатын оңтүстік циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен Сібір антициклонының сілемдері бұзылады, бұл Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына алып келеді. Демалыс күндері және дүйсенбі күні республиканың батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран, күшті батыс жел күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, көктайғақ күтілуде. Қазақстанның барлық аумағында тұман сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 2...5 градусқа жоғары болады», - делінген 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамында.

adimage