Ақтаудың өнеркәсіп аймағындағы жер телімдерін сатудан Т125 млн астам пайда түсті

Ақтау. 19 сәуір. ҚазТАГ - Ақтаудың өнеркәсіп аймағындағы жер телімдерін сатудан Т125 млн астам пайда түсті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«17 сәуірде Абай ат. МБК-де өткен аукционға Ақтау өнеркәсіптік аймағындағы 8 жер телімі қойылды. Алаңы  4,1144 га (…) болатын жер телімдері қала бюджетіне  Т125,527 млн пайда әкелді», - деп хабарлады бейсенбіде Ақтау әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен.  
Хабарда айтылғандай, жер телімдері коммерциялық нысан құрылысына арналған.  
«Аукционды өткізу барысында бұзушылықтар анықталмаған.  Бес жеңімпаздың әрқайсысымен  сату-сатып алу шарты жасалады.  Бес бантік кн ішінде олар ер телімдері бағасының жартысын аударулары керек, ал қалғанын 30 кнтізбелік кн ішінде төлеулері тиіс», - деді қалалық әкімшіліктен.  
Хабарда айтылғандай, қалған 3 жер телімін келесі аукционға шығару жоспарлануда.  
Хабарда атп өтілгендей, саудаға шығарған жер телімдерініңм ең төмен алаңы   0,8110 га, ең жоғарысы – 0,8687 га. Ең кішкентай жердің бастапқы бағасы  Т20 607 510.


adimage