Ақтөбеде журналисттің өлімінен кейін жеделсаты механигі мен қызмет көрсетуші компания директоры сотталды

Ақтөбе. 19 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімінен кейін жеделсаты механигі мен қызмет көрсететін компания директорын соттады, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Сот үкімімен (қызмет көрсетуші компания – ҚазТАГ) директоры Қ.Жанабековті 4 жылға бас бостандығынан айырып, коммерциялық ұйымдарда 5 жылға қызмет ету құқығынан айыра отырып, жазаның барлық мерзіміне апробациялық бақылау орнатылды. Ж. Ақжанов (жеделсаты механигі - ҚазТАГ) 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жеделсаты құрылғыларына қызмет көрсетумен қатысты қызметті атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады жұма күні Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы  Анар Айтжанова.
Қ.Жанабеков пен Ж.Ақжазовқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 306 бабы 3 б. (абайсызда адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмысты атқару немесе қызмет көрсету)  бойынша тексерілді.
іс материалы бойынша, 4 сәуірде шамамен сағат 21.00-де А.Әбдісамат жеделсатыға отырады.Ол жеделсатыға кірген сәтте есігі ашық қалған құрылғыда 1 және 2 қабат арасында апатты жағдай орын алып, әйел жеделсаты кабинасы мен шахтасы арасына қыстырылып қалады. Ауыр дене жарақаттарын алған ол көз жұмды.  
Сот тергеу амалдары барысында сотталушы Қ.Жанабеков қылмысқа қатысты кінәсін ішінара мойындап, жәбірленуші тарапқа моралды шығын төлеген. Ал механик Ж.Ақжанов кінәсін мойындаған жоқ және соттан өзін ақтап алуды сұрады.  

adimage