Ақтөбе және Қызылорда облыстарында сейсенбі күні жел күшейеді деп болжануда

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Ақтөбе және Қызылорда облыстарында сейсенбі күні жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«14 тамызда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, найзағай ойнағанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ. : күндіз 14 тамызда найзағай болады, найзағай ойнағанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 65-70 %
«14-16 тамыз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %», - делінген хабарда.  

adimage