25 ресейлік журналист Қазақстан Журналистер одағына кірді

Күні: 13:04, 16-05-2019.

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Саха Республикасының (Якутия) 25 журналисті Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болды. Біздің қоғамдық ұйымның белгісін ресейлік әріптестерге Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев 9 мамырда баспасөз-турдың аяқталуына орай тақты.
Ресейлік журналистер Астанаға 30 сәуірде келді, және елордамыз оларды қарымен, қатты желімен қарсы алды, бәрақ якутиялықтарды салқынмен қорқыту мүмкін емес, сондықтан олар елордамыздың көрнекі жерлерін аралауға аттанды.
Бірінші болып Сәуле Теменова басқаратын 83 мектеп-гимназияға барды. Бұл мектепте әдеттегі оқушылармен бірге дамуында ерекшелігі бар балалар да оқиды: аутистер, балалар церебральды параличі барлар, естуінде ақауы барлар, арбада отыратын балалар. Бұл балаларға көп көңіл, мейірім бөліп, олардың физикалық мүмкіндіктерін түсіне білу керек. Олардың арасында дарынды балалар өте көп, ал олардың қырларын ашу және басқа оқушылар арасына бейімдеу -педагогтың басты міндеті.
Мектеп қабырғасында көптеген балалар суреті, фотолар, дипломдар мен грамоталар ілінген, керемет жылыжай, робототехника класы, үлкен кітапхана мен спортзал қазыналық мекеменің емес, үлкен жайлы үйді еске салады. Қазақстан Журналистер одағы ұйымдастырған баспасөз-турының бағдарламасы бойынша басқа мектепке бару керек болатын, бірақ мереке алдындағы қарбаласқа байланысты бізге осы мектепті ұсынды. Сондықтан мектеп асханасындағы палау мен ыстық шәй, барлық сабақтар әдеттегі күндердегідей өтті.
Десек те бұл мектеп қалыпты мектептер секілді емес, себебі оны басқаратын адам да шығармашылық тұлға, ол әдеттегі күннің өзін балалар ойындарының элементтері бар мерекеге айналдырып жібере алады. Болашақ түлектер қандай мамандықты таңдаса да, бастысы олар креативті және мейірімді. Қазір елімізге кез келген уақытта осы қасиеттер қажет.
Осы қасиеттерді өзінің тәрбиеленушілері мен педагогтарына меңгерушісі Зариякүл Иманбаева басқарған 54 «Нұр-Ай» бөбек бақшасы сіңіруге тырысуда. Бұл балалар мекемесінде бассейн, шахмат класы және тіпті өздерінің киностудиясы да бар, ол жерде балалар ермексаздан мүсіндер жасайды, ертегілер ойлап тауып, мультфильмдер қояды. Астана – шенеуніктер қаласы, және егер ата-аналары жұмыста кешіксе, бұл кезде балалары шығармашылықпен айналысып отырады. Якутия журналистері осы педагог ұжымдардың тәжірибесін таратып, өз басылымдарында жазбақ.
Толық емес үш күн ішінде ресейлік журналистер сондай-ақ Назарбаев Университетіне, «Қазақстан» телеарнасына, Ұлттық мұражайға, «Бәйтерек» ескерткішіне барып, Дон-Кихот балетін тамашалады.
Ары қарай РФ БАҚ өкілдері Шымкент. Отырар, Түркістанға барды. Ол жерлерде Арыстан-Баб, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлеріне, Қазақ-түрік универсиетіне барды. Ол жерде Саха-Якутияның 13 студенті оқып жатыр екен. Журналистер жерлес-студенттерін ортаға алып, олардан оқулары, тұрмыстары туралы сұрастырды. Студенттер жағдайларының жақсы екенін, оларға барлығы ұнайтынын, оқуларын ақтағаннан кейін магистратурада оқуларын жалғастыратындарын немесе қазақстандық кәсіпорындарда жұмыс жасағылары келетінін жеткізді, себебі олар қазақ, түрік және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Түркістан облысында қонақтарды қазақтың ұлт аспабымен ән айтып, бауырсағымен, қымызымен қарсы алды. Бауырсақ пен қымызды Якутияда өте жақсы көретін болып шықты. Оңтүстік тұрғындарының қонақжайлығы БАҚ өкілдерін таң қалдырды, олар да би билеп, әнге қосылды. Якутия журналистер одағының төрағасы Галина Бочкарева түркістандықтарға Жапонияда, Қытайда, Моңғолияда болғандарын, бірақ қазақтың қонақжайлығы бәрінен асып түскенін айтты. Қазақтардың мәдениеті, тарихы, дәстүрі туралы қонақтарға Түркістан облысының әкімі Мәлік Отарбаев, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтақанов пен өңірдегі меморганның басқа да өкілдері әңгімелеп берді.
Якутиялық журналистер өңдірісте де болды. Шымкенттің арнайы экономикалық аймағында олар кілем шығаратын «Бал Тоқыма» зауытында болды. Бұл зауыттың өнімі Франция, Германия, Мысыр, Иран, Түркия, Бангладеш, Ресей және Орталық Азия республикаларына экспортқа жөнелтіледі. «Бал Тоқыма» IKEA компаниясымен әріптестікте жұмыс жасайды, және осы компанияның да әріптес-елдерінде сатылады.
Баспасөз-турының соңғы қаласы Алматы болды. Шымбұлақ, Медеу, Алтын Адам мұражайы және Есік көлі, Ә.Қастеевтің суреттер галереясы, Жәния Әубәкірованың өнер мектебі, ат фермасы - біздің шуақты қаламыздан якутиялық қонақтарымыздың тамашалағандарының толық емес тізімі осындай. 9 мамырда журналистер мәңгі өлмес полктың шеруін тмашалады, 28 Панфиловшы саябағына барды, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ресейлік журналистер қазақстандықтардың өткен ғасырдың қантөгіс соғысының ардагерлері мен қатысушыларына қалай құрмет көрсететініне сүйсінді.
Ал бізге, қазақстандық журналистерге Якутиядан келген әріптестеріміздің шынайы қызығушылығы мен білуге құмарлықтары ұнады. Қоштасуға арнап жайылған дастарханда Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев оның әріптесі Галина Бочкарева біздің елге жай делегация алып қана келген жоқ, екі түркі халқын біріктірді деп айтты. Якутиядан келген журналистерді бізде қазақтар деп қабылдады, ал олардың жылқыға, күміс әшекейлерге деген сүйіспеншілігі, тілдеріміздің, салт-дәстүріміздің ұқсастығы біздің ерте кезде бір этнос болғанымыз немесе бір жерде көшіп жүргеніміз туралы күдігімізді сейілтті.
Саха Республикасының (Якутия) журналистері елімізден кетер алдында Шымбұлақта сырғанау немесе Түркістанның мақпал даласын тамашалау, өздерінің жерлес-студенттеріне келу, Қазақстан балаларының ұлт-аспаптарда қалай ойнайтыны, ән салатынын көрсету үшін алда отбасыларымен, тумаларымен, достарымен міндетті түрде келетіндерін айтты. Өз кезегінде делегацияның барлық мүшесі баспасөз-турын ұйымдастырушыларды – Қазақстан Журналистер одағын - Саха Республикасына (Якутия) келуге шақырды, олар әсіресе қыста келіп, 50-70 градус аязды сезінуді ұсынды. Біз ойлануға уәде бердік.

Баян Рамазанова, Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: