2025 жылы Алматыда мектептерді сейсмикалық күшейту жалғасады

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – 2025 жылы Алматыда мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңарту және жаңғырту жұмыстары жалғасады, деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметінен.

«Алматыда келесі жылы мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңарту және жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады», - делінген хабарда.

Жобаға сәйкес, 216 мектепті, 12 интернат мекемесін, 20 колледжді қамтитын 344 мың оқушының білім алуына жағдай жасау үшін шамамен 250 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр. Мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы жаңғырту мен жаңарту – қалалық әкімдіктің басты басымдығының бірі. Жаңа үш жылдық бюджет қабылданғаннан кейін мегаполисте оқу орындарын жоғары сапа стандарттарына сай жаңғырту жұмыстары жалғасады.

Баспасөз қызметінде мәлімдегендей, мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы үш мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып, №50 мектеп-лицейі мен Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы жеті балабақшада күшейту жұмыстары басталады. Бұған қоса, келесі жылы Зерделі және Шұғыла шағын аудандарында екі мектептің құрылысы аяқталып, 12 мектеп жаңартудан өтеді. Алматыда 2023-2024 жылдары 11 мектептің күрделі жөндеуі сейсмикалық күшейту арқылы аяқталды.

2025 жылы балабақшалар құрылысы мен оларды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын табатын болады. Бұл мегаполистегі балалар үшін мектепке дейінгі білімге қол жетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

adimage