ҚР билігі ХАҚО басқарушы компаниялары мен инвестициялық даму қорының 100% акциясын сыйға алады

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан билігі халықаралық «Астана» қаржы орталығында (ХАҚО) құрылған басқарушы компаниялар мен Қазақстандық инвестициялық даму қорының 100% акциясын сыйға алады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Халықаралық «Астана» қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ-ның Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. жеке компаниясының акциялар пакетінің 100% және Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd. (ары қарай – жеке компаниялар) жеке компаниясының акциялар пакетінің 100% сыйға беру шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын», - делінген үкімет қаулысында.
Еске салсақ, аталмыш компаниялардың құрылатыны туралы 2019 жылы хабарланған еді. Сол кезде Қазақстан қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдегендей, Қазақстанның инвестициялық даму қорын құруға нақтыланған бюджет жобасында Ұлттық қордан Т370 млрд мақсатты трансферт қарастырылған.
KIDF негізгі мақсаты – Қазақстан экономикасының дамуына тікелей инвестиция тартуға ықпал ету.

adimage