Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Жоғарғы соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты, деп хабарлады Nege.kz.
«Қазақстандық Қайыргелді Смағұловтың арызын қарау бойынша кассациялық алқа оның Назарбаевтың мүлкі мен активтерін мемлекет пайдасына өндіріп алуға бағытталған талабын одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Басылым Жоғарғы сот қаулысынан үзінді келтірген.
«Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді», - делінген қаулыда.
Хабарда атап өтілгендей, бұл – Смағұловтың экс-президенттің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеуге бағыттаған үшінші арызы.
«Ол Назарбаевтың президент ретіндегі әрекеттері бүкіл адамзатқа қауіп төндіргенін алға тартады. Бұған дейін Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот, кейін елордалық сот та оның талабын орындаудан бас тартқан еді», - деп жазған басылым.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл басынан бері ЖЖМ заңсыз айналымы туралы 21 қылмыстық іс қозғалды
8 Қазан 2024, 10:56 -
Қазақстан СІМ Иран мен Израиль арасындағы жағдайды бақылап отыр – дерек көзі
2 Қазан 2024, 09:35 -
Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum нұсқасы бойынша тағы да үздік CEO атанды
23 Қыркүйек 2024, 14:33