Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Астана. 31 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды», - деп хабарлады Уәли дүйсенбі күні.
Ол нақтылағандай, «жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады».

adimage