ҚПО бесінші өндірісішілік құбыр өткізгіштің сәтті қосылғандығын хабарлады

Ақсай. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) бесінші өндірісішілік құбыр өткізгіштің сәтті қосылғандығын жариялады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы 2019 жылдың 6 желтоқсанында аталмыш жоба үшін газ айдайтын үш ұңғыманың алғашқысы болып табылатын №9863 ұңғымасы қосылатын бесінші өндірісішілік құбыр өткізгіштің сәтті қосылғандығын жариялады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бесінші өндірісішілік құбыр өткізгіштің құрылысы коллектордың жаңа учаскесіне газды кері айдау үдерісін оңтайландыру есебінен барлық кен орындарына сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін арттыруға бағытталған Қарашығанақ кен орнындағы өндірісті ұзарту жобасы кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚПО-да түсіндіргендей, аталмыш жобаны жүзеге асыру ұңғымалармен 8 дюймдік шлейфпен қосылған жаңа 12 дюймдік құбыр өткізгішті қондырудың арқасында ГКДҚ-2-ден құбыр өткізгіш желісінің өткізгіштік қабілетін арттыруға мүмкіндік береді
«Бесінші өндірісішілік құбыр өткізгішті іске қосу Қарашығанақ кен орнын игерудің жаңа кезеңіндегі маңызды жетістік болып табылады. Жобаның мақсаты Қарашығанақ кен орнында өндірістің барынша жоғары көлемін ұстау, сондай-ақ оны жүзеге асыру кезеңінде жергілікті мазмұн деңгейін арттыру», - деп атап өтті ҚПО бас директорының орынбасары және өндіріс жөніндегі директоры Габриеле Джиона.
Бесінші өндірісішілік құбыр өткізгіш құрылысының жобасы құрамына ҚҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы мен қазіргі таңда жүзеге асыру кезеңінде тұрған газды кері айдайтын төртінші компрессор қондырғысының жобасы кіретін өндіріс шегін ұзартудың үш жобасының бірі болып табылады.

adimage