Экзит-полл президент сайлауының қорытындысы бойынша жеңісті Тоқаевқа берді

Күні: 09:18, 10-06-2019.

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. «Қоғамдық пікір» институтының экзит-полы президент сайлауының қорытындысы бойынша жеңісті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді, деп хабарлады агенттік тілшісі. Сауалнама қорытындысы «ҚазМедиа Орталығы» ғимаратындағы Орталық коммуникация қызметінде жарияланды.
«Қоғамдық пікірде» нақтыланғандай, сауалнамаға қатысқандарға. «Айтыңызшы, Сіз президент сайлауында қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылған.
Сайлау учаскесінен шыққандарға қойылған сауалнама қорытындысы бойынша қазіргі мемлекет басшысын қолдап сауалнамаға қатысқандардың 70,13%-ы дауыс берген. Екінші орында «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов – оны қолдап 15,39%-ы дауыс берген, үшінші орында «Ақ жол» партиясынан Дания Еспаева (5,32%) тұр.
Экзит-полл қорытындысы бойынша Коммунистік халық партиясының кандидаты Жамбыл Ахметбеков (3,86%), «Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков (3,03%) және Қазақстан Кәсіподақ федерациясының кандидаты Амангелді Таспихов (1,41%) жинаған.
Жетінші орында, сауалнамаға сәйкес «Ұлы дала қырандары» қозғалысының кандидаты Садыбек Түгел (0,86%) тұр.
Президент сайлауы Қазақстандасайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, бұзушылықтар Алматы облысында тіркелді, ол жерде бақылаушылар бір сайлаушыға екі бюллетень берілгенін байқаған. Сонымен қатар, «Ақиқат» ҚСДП бақылаушылары қосымша тізім бойынша дауыс бергендерді байқаған. Сондай-ақ, Алматыдағы сайлау учаскесінде 100-ге жуық студенттің тұрғылықты жері көрсетілместен, өзі қарамайтын сайлау учаскесіне келіп дауыс бергендері тіркелген. Бұзушылықтың тағы бірі журналистер мен бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру құпиялылығының сақталмауы. Бұдан басқа бақылаушылардың өздерінен де көптеген арыз-шағымдар түсуде, олардың айтуынша, сайлау учаскесінің қызметкерлері олардың жұмысына кедергі келтіріп жатыр екен. Ал Алматыда бақылаушыға тіпті шабуыл да жасалған. Көрсетілген осындай бұзушылықтан басқа, видеоға сайлау бюллетендерін жаппай тастау дерегі түсіп қалған – аталмыш жағдай Түркістанда тіркелген. Видеоға түсіп қалған тағы бір бұзушылық Алматы облысында тіркелген, ол жерде сайлау кабинеттерін өшіруге болатын қаламсаптармен жабдықтаған. Бұл жерде де бірнеше адам көптеген бюллтеньдерді урнаға салған. Одан басқа Қарағандыда сайлаушылардың тізімінде 1930 жылы туылған, қайтыс болғанына 13 жыл болған әйел адамның есімі жүр. Ал Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшесінен бюллетендердің бір бумасы табылған, онда дауыс Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген.
Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, полиция Алматыда ескі алаңда митингке шыққан ондаған адамды ұстаған. Бәрін түгелдей ұстап жатыр – соның ішінде қарттар мен әйелдер де бар. Кейбір ұсталғандар өздерінің сайлау учаскелеріне қарай бара жатқандарын, жәй қастарынан өткендерін мәлімдеуде, алайда полиция оларды тыңдамаған. Ұсталғандардың енді бір бөлігі әскерилерге белсенді түрде қарсылық білдіруде. Митингке шыққандар Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысына шегіндіріліп тасталған. Полиция тіпті кездейсоқ өтіп бара жатқандарды да ұстап жатыр. Сонымен, аздаған тыныштықтан кейін өтіп бара жатқан бір адамның ұсталуы митингке шыққандардың ашу-ызасын қайта тудырды, тағы да жаңадан адамдар ұсталды. Оқиға орнында мобильді интернет өшіп қалды, ұялы байланыс та іркіліспен жұмыс жасауда. Атап өтілгендей, ұсталғандарды қаланың әр түрлі аудандық полиция басқармасына алып кетіп жатыр, тек Наурызбай ауданындағы ПБ ғана әзірге бос тұр, оны ҚазТАГ ХАА белгілі болғандай, «резервке» ұстап отырса керек.
Ескі алаң ауданын қоршауға алуға полиция, ШӘАЖ және камуфляж бен беттеріне бетперде киген, қолдарында шоқпарлары мен қалқандары бар адамдар жұмылдырылған
Нұр-Сұлтанда қалқандары бар әскерилер «Жастар» Жастар сарайы ауданын қоршауға алған. Сейфуллин көшесінен Абай көшесіне дейін, Республика даңғылы толығымен полицейлермен жабылған. Абай даңғылы бойында да полицейлер қоршауы тұр. Жастар сарайы ауданын да полиция толық қоршап алған, оларды жағалай көптеген полиция автобустары тұр. Прлицейлердің бір бөлігі оқ өтпейтін кеудеше, қорғаныс каскасын киіп, қалқандармен, автоматпен және шоқпармен қаруланған. Республика сарайы алдында митингке шыққандар саны шамамен екі жүздей, ал әскерилердің саны бұдан да көп. Қарапайым азаматтарды оқиға орнында бірден ұстап, автобустарға әкетуде. Тіпті полицейлердің күш қолданып жатқандары туралы да айтылуда, бірақ полицейлер ондай видеоның барына қарамастан күш қолданғандарын жоққа шығаруда.
Еске салсақ, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7.00-де елімізде сайлау учаскелері ашылды. Қазақстандағы президент сайлауы сағат 20.00-ге дейін созылды. Одан бірнеше сағат бұрын Жапонияда, Оңтүстік Корея мен Шығыс Азиядағы бірнеше елде қазақстандықтардың дауыс беру процесі басталды. Республикада және шетелде жексенбі күні барлығы 9967 сайлау учаскесі жұмыс жасады.
19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.

#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот


Жаңалықтармен бөлісу: